05 желтоқсан 2022 12:38

Ақтау тұрғындары ыстық сусыз қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда ыстық су беру өшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақтауда ыстық су беру өшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

№4 ықшамаудан тұрғынының айтуынша, су әртүрлі уақытта тоқтатылған.

"Таныстарымызда суды кеше кешке өшірген. Біреулерде таңғы 4-те тоқтатылған, бәрі жұмысқа, балабақша мен мектепке барады. Бұл мазақ қылу", - деп шағымданды ол.

Әртүрлі ықшамаудан тұрғындары осындай проблемаға тап болғандарын айтып жатыр. "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС баспасөз қызметі ыстық судың тоқтағанын растады.

"Ақтау қаласы бойынша ыстық су шығынының ұлғаюына байланысты резервуарлардағы су көлемінің қажетті деңгейін ұстап тұру, қала тұрғындарына ауызсуды үздіксіз беру және жылыту жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін көппәтерлі тұрғын үйлерде ыстық суды пайдалану уақытша тоқтатылады. Қажетті су көлемі жиналғаннан кейін ыстық сумен жабдықтау қалпына келтіріледі. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді кәсіпорын өкілдері.

Маңғыстау облысының әкімдігі 5 желтоқсанның екінші жартысында ыстық су қайта берілетінін хабарлады.

"Мәселе резервуарлардағы су көлемінің жеткіліксіздігінен туындады. Қазір олар толтырылып жатыр, түстен кейін су беру қайта басталады", - деді Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасы өкілдері.

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" кәсіпорны өкілдері де қазір қажетті су көлемін жинақтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Ыстық су беру қалпына келтіріледі, болжам бойынша түстен кейін. Шыдамды болуды сұраймыз, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді МАЭК өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети