Ақтауда әскери қызметкер өз қызын зорлады деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда әскери қызметкер өз қызын зорлады деген күдікке ілінді psy.su

Әскери тергеу органдары Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің әскери қызметшісіне қатысты соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол қызын зорлады деп айыпталып жатыр. Бұл туралы InAktau.kz тілшісіне ҚР Бас әскери прокуратурасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскери тергеу органдары Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің әскери қызметшісіне қатысты соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол қызын зорлады деп айыпталып жатыр. Бұл туралы InAktau.kz тілшісіне ҚР Бас әскери прокуратурасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейресми деректер бойынша, күдікті-теңіз жаяу әскерінің қызметкері. Жәбірленуші 11 жаста. Күдікті қызын алты ай ішінде бірнеше рет зорлаған. Басылым мәліметінше, отбасында тағы бір қыз бар, ол жәбірленушіден кішкентай, бірақ болған оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген.

Күдіктіге қатысты соталды тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі "Зорлау" және Қылмыстық кодекстің 124-бабының 3-бөлігі "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша жүргізіліп жатыр.

"Бұл әскери қызметшіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің балаларға қатысты жасаған өзге де зорлық-зомбылық деректері тіркелген жоқ. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", - деді Бас әскери прокурордың орынбасары Сәкен Ермекбаев.

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін ер адам Қарулы Күштер қатарынан босатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети