Әлеуметтік желілерде тіс дәрігерінің кішкентай пациентке дөрекілік көрсеткен видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды инАктау.
Әлеуметтік желілерде тіс дәрігерінің кішкентай пациентке дөрекілік көрсеткен видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды инАктау.
Оқиға 1 қарашада Ақтау қаласының 1-ші шағын ауданында облыстық стоматологиялық орталықта болған.
Кадрларда екі баласы бар ана тіс дәрігеріне келеді. Алдымен әйел стоматологиялық креслоға баламен бірге отыруға тырысады, бірақ кейін оны қалдырып, кабинеттен шығып кетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бала анасы шыққаннан кейін мазасыздана бастайды, бұл тіс дәрігерін ашуландырады. Ол пациентін көтеріп алып, жұлқылап креслоға күшпен жатқызады. Баланы тыныштандыра алмаған дәрігер кейін қолына қандай да бір затты алып, қорқыта бастайды. Осы уақыт аралығында тіс дәрігеріне екі әйел көмектеседі. Баланы бәрібір де қарай алмаған ер адам кейін оны қолына алып кабинеттен шығып кетеді.
Жақындарының сөзіне қарағанда, жылап қалған бала сол бетте анасына не болғанын әңгімелеп берген.
Маңғыстау облыстық полиция департаментіндегілер жәбірленушінің анасы сол күні полицияға арыз жазғанын айтты.
"Өтініш ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Тексеру жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілі. Кей мәліметтер бойынша, баланың БЦП диагнозы бар.