25 ақпан 2023 | 15:26

Ақтауда баланы қағып өлтірген жүргізуші қалай жазаланғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда баланы қағып өлтірген жүргізуші қалай жазалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда баланы қағып өлтірген жүргізуші қалай жазалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, сот отырысында прокурор бес жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы және оның қорғаушысы соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар - кінәсін мойындау, сотталмағанын алға тартты.

Көлікті басқарған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және абайсызда орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіргені және абайсызда абайсызда адам өліміне әкеп соққаны үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сот үкімімен жәбірленуші тараптың пікірі ескеріліп, үш жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, жол апаты 29 қарашада сағат 13:15 шамасында 31А және 31Б ықшамаудандары арасындағы жолда болған.

Артынша қала тұрғындары адам өлімі болған жолды жауып, жол апаты болған жерге жылдамдықты азайтқыш немесе бағдаршам орнатуды талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети