Ақтауда дәрігерлер үшемге бір ай бойы қараған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда дәрігерлер үшемге бір ай бойы қараған Үшемнің ата-анасы мен дәрігерлер. © Lada.kz

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері жаңа туған үшемге бір ай бойы қараған, - деп хабарлайды Lada.kz. Айта кетейік, 1 шілдеде Маңғыстау облысындағы Дина Зұлқұрнаева мен Хамит Назаровтың отбасында екі ұл мен бір қыз дүниеге келді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері жаңа туған үшемге бір ай бойы қараған, - деп хабарлайды Lada.kz. Айта кетейік, 1 шілдеде Маңғыстау облысындағы Дина Зұлқұрнаева мен Хамит Назаровтың отбасында екі ұл мен бір қыз дүниеге келді.

Бір ай бойы дәрігерлер нәрестелердің қалыпты салмақ жинаған уақытына дейін қараған. Ұл балалар 2400 және 2800 грамм салмақпен,  ал қыз болса 1700 грамм салмақпен дүниеге келген. Сондықтан дәрігерлер қызға көбірек көңіл бөліп, оның денсаулығын қадағалады. Анасы мен сәбилері қазір өздерін жақсы сезінеді", - деді облыстық перинаталдық орталықтың неонатолог дәрігері Римма Рахмет.

Айта кетейік, қазіргі уақытта үшем ауруханадан шығарылды. Сондай-ақ, сәбилердің ата-аналары медициналық орталықтың дәрігерлеріне алғыс айтты. Есімдерін Ержан, Нұржан және Айжан деп қойған үшемді үйлерінде ағалары Бауыржан, Омаржан мен Ахмеджан күтіп отыр.

Неонатолог дәрігердің айтуынша, бұл биыл осы перинаталдық орталықта дүниеге келген екінші үшем екен. Жылдың басынан бері перинаталдық орталықта 3500 нәресте дүниеге келген. Олардың 82-і егіздер екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети