Ақтауда ер адам карантинге жабылған тұрғын үйдің үшінші қабатынан секіремін деп, жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Ақтауда ер адам карантинге жабылған тұрғын үйдің үшінші қабатынан секіремін деп, жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
"Ақтауда уақытша науқастар тұрып жатқан 11-шағын ауданындағы № 10 тұрғын үй карантинге жабылды. Осы уақытта сондағы үйлердің бірінде қонақта болған Бейнеу ауданының тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, қашып кетпек болған. Алайда ол омыртқасын сындырып, қазір ауруханада жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева.
Айта кетейік, тұрғын үй коронавирус анықталға соң оқшауланған. Онда вирус жұқтырған екі адам бір отбасы мүшесі.
Денсаулық сақтау басқармасы өңір тұрғындарын үйден шықпауға шақырды. "Тұмау белгілері пайда болып, дене қызуы көтерілсе, дереу жедел жәрдем шақырыңыз немесе емханаға қоңырау шалып, жағдайыңызды түсіндіріңіз. Ауруханаларға және жеке клиникаларға барудың қажеті жоқ", - деді басқармада өкілі.
Еске салайық, Маңғыстау облысында коронавирус расталған үш адам бар. Ел бойынша барлығы 500-ден астам жағдай тіркелді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!