Ақтауда ер адамның сатушы әйелді соғып жіберген видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Желіде ер адамның сатушы әйелді ұрған сәті түсірілген видео пайда болды. Оқиға куәгерлердің көз алдында болған. Жазба әлеуметтік желілерде жылдам таралып, қызу талқыға себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде ер адамның сатушы әйелді ұрған сәті түсірілген видео пайда болды. Оқиға куәгерлердің көз алдында болған. Жазба әлеуметтік желілерде жылдам таралып, қызу талқыға себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнебақылау камерасынан алынған кадрларда әйелдің кассада тұрып, ер адамға бір нәрсе түсіндіріп тұрғаны көрінеді. Бір сәтте ер адам ашуға булығып, сатушының бетінен жұдырықпен ұрады. Сатушы соққыдан теңселіп қалғаны байқалады. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, оқиға Ақтаудың 27-ықшамауданындағы дүкенде болған.

Желі қолданушылары тек шабуыл жасаған ер адамның әрекетіне ғана емес, сонымен қатар жанында тұрған ер адамдардың ешқандай әрекет жасамағанына да наразы болды.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті ер адам сағат он бірден кейін алкоголь сатып алуға тырысқанын түсіндірді. Бұл уақытта спиртті ішімдіктерді сатуға заңмен тыйым салынған. Ведомствоның мәліметінше, күдікті ұсталған.

"Күдікті ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген полиция хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети