25 желтоқсан 2019 11:37

Ақтауда жаңажылдық шырша өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 желтоқсанда Ақтаудағы "Хан Шахар" салтанат сарайында "Біз - еліміздің болашағымыз!" атты жаңажылдық шырша өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының білім басқармасына сілтеме жасап.


24 желтоқсанда Ақтаудағы "Хан Шахар" салтанат сарайында "Біз - еліміздің болашағымыз!" атты жаңажылдық шырша өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының білім басқармасына сілтеме жасап.

250-ге жуық бала қатысқан шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, жергілікті өкілді органдар, мемлекеттік органдар, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшелері, ардагер ұстаздар, аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алдымен облыс әкімі балаларды келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтап, оларға ақшалай сертификаттар, кітаптар мен жаңа жылдық тәтті сыйлықтар табыстады.

Әсем ойыншықтар және әртүрлі шамдармен безендірілген шырша жанында кеш қонақтары мен балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге ән шырқап, би билеп концерттік бағдарламаны тамашалады.

Балалар облыс әкімімен және жаңа жылдың басты кейіпкерлері аяз-ата, ақшақармен бірге естелік суреттерге түсті. Мерекелік концерттен кейін арнайы бағдарламаға сәйкес қойылымдар мен мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

Түскі астан кейін, балалар теңіз жағалауындағы "Жартас соқпағында" серуендеп, жуырда ашылған Әбіш Кекілбаев атындағы облыстық тарихи өлкетану мұражайына экскурсияға барды.

Сонымен қатар, 8-27 желтоқсан күндері республикалық "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында өтетін жаңажылдық шыршаға облысымыздың республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары атанған дарынды, шығармашыл оқушылары жолданды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети