ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қазан 2021 | 13:08
Ақтауда жасанды қызғалдақтарды вандалдар бүлдірді деп айыпталды
Ақтау орталығындағы жасанды қызғалдақтардың біразы жарамсыз болып қалды. Мердігерлердің айтуынша, бұған бұзақылар кінәлі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтау орталығындағы жасанды қызғалдақтардың біразы жарамсыз болып қалды. Мердігерлердің айтуынша, бұған бұзақылар кінәлі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтаулықтар 15 миллион теңгеге жасалған "Гүл алқабы" сапасыз екенін айтып шағымданды. Жасанды қызғалдақтардың біразы сынып, бүлінген. Жарықтандыру жұмысын Clover media group ЖШС жүргізген. ЖСШ өкілдерінің айтуынша, гүлдерді бұзақылар бүлдірген.
"Күн сайын бұзақылық деректері тіркеледі. Яғни белгісіз біреулер әлі бекітілмеген гүлдерді жұлып, әткеншекті сындырған. Бұл жұмысымызға кері әсер етеді", - деп түсіндірді компания өкілі.
Осы орайда Clover media group ЖШС-ның техникалық директоры Олжас Нұрланов қызғалдақтар сапасы қала әкімдігін қанағаттандырмаса, кәсіпорын нысанды толық қайта құрастыруға дайын екенін айтты. Тиісінше, бұл жұмысқа қаражат төленбейді.
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Таубаев бұл нысандар қала әкімдігінің теңгеріміне қабылданбағанын және төлемақы төленбегенін айтты. Алайда декоративті қондырғылардың сапасы талапқа сай болмаса, әкімдік жұмысты қабылдамайды.
Бұған дейін Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде туристерді тарту үшін жасалған "гүл алқабының" сапасыз екеніне шағымданған болатын. "Отырғызылған" пластик қызғалдақтардың бір бөлігі құлап, кей жерлерде электр сымдары қоршалмаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также