25 қазан 2021 12:07

Ақтауда 15 миллион теңгенің қызғалдақтары бүліне бастады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Рашида Исмагилова/lada.kz Фото Рашида Исмагилова/lada.kz

Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде туристерді тарту үшін жасалған "гүл алқабының" сапасыз екеніне шағымданды. "Отырғызылған" пластикалық қызғалдақтардың бір бөлігі құлап, кей жерлерде электр сымдары қоршалмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz. сайтына сілтеме жасап.


Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде туристерді тарту үшін жасалған "гүл алқабының" сапасыз екеніне шағымданды. "Отырғызылған" пластикалық қызғалдақтардың бір бөлігі құлап, кей жерлерде электр сымдары қоршалмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда 15 миллионнан астам теңгеге, бюджет қаржысына пластикалық қызғалдақтардан жасалған "гүл алқабы" инсталляциясы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Жергілікті тұрғындар "гүл алқабының" қолдан жалғанғанына, сондай-ақ, пайдаланылған материалдардың сапасы төмен екеніне шағымданды.

Lada.kz тілішісі 24 қазанда пластикалық қызғалдақтарды суретке түсірген. Кейбіреулері бүлінген.

Кей жерлерде пластикалық қызғалдақтар құлап жатыр.

Құрастырылған жұмыстар мен электр бөлшектерінің бейнесі осылай көрінеді.

Суретте жасанды көгал қисық екені байқалады.

Қондырғының электр сымдары оқшауланбаған, көгалдың үстінде жатыр.

Еске салайық, Ақтаудағы Ынтымақ алаңындағы көгалдың орнына бюджеттен 15 404 000 теңгеге пластикалық "гүл алқабы" жасалды. Әкімдікте безендіру, жарықтандыру бойынша жұмысты "Clover media group" ЖШС жүргізді, компаниямен Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 16 қыркүйекте келісімге қол қойғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети