24 мамыр 2022 | 14:31

Ақтауда жолаушы әйел такси жүргізушісіне шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде такси жүргізушісі мен жолаушы әйел арасындағы жанжалдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде такси жүргізушісі мен жолаушы әйел арасындағы жанжалдың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда әйел жүргізушіге айғайлап, балағаттайды, тепкілейді.

Зардап шеккен жүргізушінің сөзінше, оқиға 21 мамырда 12-шағынауданда болған.

"Сенбіде таңертең тапсырыс қабылдап, 12-шағынаудан, 32-үй мекенжайына келдім. Мен келгенде әйел күтіп тұрды. Мен оған сөмкелерді салуға көмектестім, содан кейін көлікке отырдық. Ол телефонмен сөйлесіп, біреумен ұрыса бастады. Сөйлесіп болған соң маған айғайлап, балағаттады. Мені "білімсіз қалпақ" екенімді, "шабуыл жасадың" деп полицияға арыз жазатынын айтты. Содан кейін мен оған ешқайда апармайтынымды, көліктен шығуын өтіндім. Алайда ол әйел маған қарай атылды. Сол сәтте оның менен бірдеңе тілеп тұрғанын түсіндім, бірден видеоға түсіре бастадым", - дейді жүргізуші Еспол.

Жәбірленушінің айтуынша, ол жолаушымен жанжалдасқысы келмеген, жай ғана көліктен шығуын өтінген. Бір сәтте әйел сөзден іске көшіп, алдымен жүргізушінің бүйірінен тепкен, содан кейін аяқкиімін шешіп, басын ұра бастаған. Такси жүргізушісі басынан жарақат алды.

"Қанды көргенде ол көліктен шығып, сөмкелерін алып, жолдың қарама-қарсы жағына басқа таксиге қарай жүгірді. Мен бірден полицияға қоңырау шалдым. Олар тез әрекет етіп, ұстап алды, полиция бөлімшесіне жеткізді. Онда да өзін жөнді ұстамады. Мен оған арыз жаздым. Дәрігер жарақатты тіркеді, - деді жүргізуші.

Әйел жауапқа тартылды ма, жоқ па әзірге белгісіз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети