30 маусым 2022 12:30

Ақтауда "Жылы жағажай" курорттық аймағын дамытудың екінші кезеңі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда "Жылы жағажай" курорттық аймағын дамытудың екінші кезеңі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтауда "Жылы жағажай" курорттық аймағын дамытудың екінші кезеңі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Өңір басшысы атап өткендей, ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша туризмде көрсетілген қызметтер көлемі 1,2 миллиард теңге болып, 20 пайызға өсті, келушілер саны шет елдерден және еліміздің өңірлерінен 55 мыңға жуық туристі құрады, бұл өткен жылдың алдыңғы кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артық (2021 жылдың 1 тоқсаны - 52 383 адам).

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес және Үкіметтің қолдауымен Ақтау қаласының жылы жағажайын инфрақұрылымдық дамыту бойынша жобаларды іске асырудың екінші кезеңі жалғасып жатыр.

Курорттық аймақты дамытудың 2 кезеңі аясында 4 ірі инвестициялық жоба және 2 жобаны жергілікті инвесторлар жүзеге асырады.                 

Нәтижесінде, 350-ден астам жаңа жұмыс орындарын құрып, 102 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр.

        Бұл жобалардың барлығы аймақ экономикасының дамуына оң мультипликативті әсер береді.

        1. Гольф-клуб. Виллалары бар "Fairmont" Гольф-қонақүйі - жобаның құны - 59,5 миллиард теңге;

        2. Торогвые рады "Town Center" - жобаның құны - 32,8 миллиард теңге;

        3. "Виллалар мен апартаменттер кешенінің құрылысы" – жобаның құны-2,8 миллиард теңге;

        4. "Aqualina Resort" курорттық-қонақүй кешенінің құрылысы " - жобаның құны - 7,0 миллиард теңге;

​        5. "Түпқараған ауданында Визит-орталығының құрылысы" (2-кезең) инвестиция көлемі - 100 миллион теңге;

​        6. "Фламинго Резорт" демалыс базасы жобаның құны - 500 миллион теңге.

Бүгінде Үкіметтің қолдауымен халықаралық және ішкі бағыттар бойынша аптасына 27 бағытқа 152 авиарейс ұшады, оның ішінде алыс және жақын шетелдерге 19 бағытқа 61 рейс.

2021-2022 жылдары аралығында Үкіметтің қолдауымен халықаралық және ішкі бағыттар бойынша аптасына 20 рейс қалыпқа келтірілді. Мамыр-маусым айларынан бастап аптасына 2 рет жаңа халықаралық 6 бағытта әуерейсі іске қосылды. Ал теміржол көлігі арқылы тасымалданған жолаушылар саны 42,4 пайызға артты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети