Ақтауда карантин кезінде жағажайға "жарты қала" жиналған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда карантин кезінде жағажайға "жарты қала" жиналған © lada.kz

Ақтауда куәгерлер карантин кезінде қаладағы жағажайлардың бірінде толып жүрген адамдарды видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда куәгерлер карантин кезінде қаладағы жағажайлардың бірінде толып жүрген адамдарды видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, "жарты қала" теңізге шомылуға жиналған. Бұл күні (14 маусымда) ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілген болатын. 

Маңғыстау облысының санитар дәрігерлері тұрғындардың аптапта суға шомылғысы келгеніне түсіністікпен қарады, бірақ қашықтық пен сақтық шараларын ұстануға шақырды. 

"Жаз биыл өте ыстық, үйде отыру қиын. Облыс тұрғындарының теңізге түсіп, отбасымен жағажайда демалғысы келгенін түсінеміз. Бірақ тұрғындардан сақтық шаралары мен демалып жатқан басқа адамдардан қашықтықты сақтауды сұраймыз", - дейді Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінде. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети