Ақтауда қару-жарақ сатқан ер адам ұсталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда қару-жарақ сатқан ер адам ұсталды

Ақтауда полиция қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрі сатқан адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті қару сатушысы 25 қазанда ұсталды. Тінту барысында одан 12 қару мен 1497 дана оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір криминалдық полиция қызметкерлері оның басқа қылмыстарға қатыстығын тексеріп жатыр.

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", - деді облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course down  609.28  course down  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети