Ақтауда қоғамдық көліктерге Ashyq енгізіледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда қоғамдық көліктерге Ashyq енгізіледі Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Ashyq жүйесі Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктерге енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ashyq жүйесі Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктерге енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Caspiy avtopark тасмалдаушысы жолаушыларды Ashyq арқылы отырғызуы қажет екені туралы Маңғыстау облысының әкімдігі хабардар еткен. Автобус кіреберісінде жолаушы өзінің "жасыл" немесе "көк" мәртебесін растауы керек.

"18 жасқа дейінгі балаларға тексеруден өтудің қажеті жоқ. Автобусқа "қызыл" және "сары" мәртебесі бар адамдар кіргізілмейді", - делінген Caspiy avtopark хабарламасында.

№107 маршрут бойынша қызмет көрсететін компания өкілдері әзірше жаңа талаптарды "қолданып көріп" жатқанын айтты.

"Бүгіннен бастап көлік Ashyq жүйесінде жұмыс істейді. Біз алгоритмді әзірлегенде, процесті қалай ыңғайлы ұйымдастыруға болатынын қарастырамыз. Заманауи смартфондары немесе Интерне жоқтар ЖСН арқылы тексеріледі. Біз ешкімді көшеде қалдырмаймыз, бәрі автобусқа отыра алады", - деді компанияның операциялық жетекшісі Жәнібек Миралиев.

Басылым мәліметінше, №107 маршрутта 8 автобус бар. Оларда кептеліс уақытында жолаушы көп болады. Сондықтан Ashyq арқылы өту жүйесі іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін айту қиын.

Айта кетейік, бұған дейін Атыраудың қоғамдық көліктерінде жолаушылар мәртебесі Ashyq арқылы тексеріле бастағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети