13 ақпан 2017 | 14:00

Ақтауда көпқабатты үйде баланың жылаған даусы естілетіні жайлы хабарламадан кейін тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда үйден екі жыл бойы шыңғырған даусы естіліп келген баланың анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда үйден екі жыл бойы шыңғырған даусы естіліп келген баланың анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтаудағы тұрғындардың бірі бесінші қабатта орналасқан пәтерден екі жыл бойы сәбидің жылаған даусын естіп жүргенін хабарлаған болатын. Көршілердің айтуынша, полицейлерге айтылған шағымдардан еш нәтиже жоқ.

"Жасақ немесе учаскелік полицей келіп, пәтерде бірнеше минут отыра тұрады да кетіп қалады. Сәбидің анасына қатысты ешқандай шаралар қолданылып жатқан жоқ. Полицей кеткен соң келесі күні қайтадан сәбидің жылаған даусын естиміз. Адам төзгісіз. Балаға обал, біз көмектесе алмай отырмыз", - дейді көршілердің бірі.

Полицейлер осы оқиға БАҚ-тарда жарияланған соң сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Өңірлік ІІД мәліметінше, бала - 2012 жылғы, ал анасы - 1967 жылғы. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегiмiндеттердi орындамау") тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер анасының кінәсі дәледенсе, ал ата-ана құқығынан айырылады. Бірақ мұны сот шешеді, - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, осы бап бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не болмаса 60 тәулікке дейін қамауға алу сияқты жаза түрлері қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети