Ақтауда 5 қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтауда 5 қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
30 қарашада сағат 22.29-да Ақтаудағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде екінші қабаттағы пәтерде құрылыс материалдары өртенді.
"Өрт аумағы 5 шаршы метр. 30 адам құтқарушылармен эвакуацияланды, оның 10-ы балалар. Сағат 23.07-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деді Иманқұлов.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуынан. Қысқа тұйықталудың да бірнеше себебі бар екенін ескеру қажет. Мысалы, оқшаулау сапасының төмендігі, сымдарды дұрыс өткізбеу, сымдар мен электр құрылғыларының қосылымындағы нашар байланыс.
Тағы бір себеп нашар электр сымдары бар электр құрылғыларын пайдалану салдарынан оқшаулаудың қызып кетуі және бұзылуы болуы мүмкін.
"Шамадан тыс жүктемені болдырмау үшін олардың жалпы қуаты әрбір электр желісінің номиналды қуатынан аспайтындай электр құрылғыларын қосу қажет.
Сонымен қатар белгілі бір ережелерді сақтау керек:
Оқшаулауы жеткіліксіз ескі сымдарды пайдаланбаңыз;
қорғаныш өшіру құрылғыларын орнатыңыз;
Розеткалар мен ажыратқыштардың жағдайын үнемі бақылаңыз, қажет болса дереу ауыстырыңыз, зақымдалған электр құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Осы қарапайым ережелерді сақтау қысқа тұйықталу қаупін айтарлықтай азайтады", - деп жазды аймақтағы Төтенше жағдай департаментінен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!