Әлеуметтік желіде тараған "перзентханадан Кортеж" атты бейнероликке Ақтау полицейлері назар аударып, жол қозғалысының ережесін бұзушыға айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Лада.kz порталына сілтеме жасап.

Бейне жазбада көрсетілгендей, кортеждің үш қатысушысы жолдың жүріс бөлігінде автокөлікпен "теңселген". Тіпті жолаушылардың біреуі автомобильден жартылай денесін шығарып алған.
"Автокөліктің салонында қауіпсіздік белбеуін тақпаған жолаушы болғандықтан полиция қызметкерлері жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігі бойынша"жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны" үшін хаттама жасады. Бұл іс Ақтау мамандандырылған әкімшілік сотына тапсырылды",- деді Маңғыстау облыстық ЖП баспасөз қызметіндегілер.
Аталған баптың санкциясы бойынша, бес айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 12 025 теңге көлемінде айыппұл қарастырылады.