Ақтауда "МАЭК-Қазатомөнеркәсіпте" өрт шықты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда "МАЭК-Қазатомөнеркәсіпте" өрт шықты Фото: lada.kz

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС ЖЭО-3 аумағында трансформатор өртенді. Өрттің жай-жапсары туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС ЖЭО-3 аумағында трансформатор өртенді. Өрттің жай-жапсары туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 31 мамырда сағат 21:42-де Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісіне "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС (ЖЭО-3) аумағында трансформатор өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен.

"Қазіргі уақытта өртті жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ТЖД.

Төтенше жағдайлар департаменті зардап шеккендер жоқ екенін айтты.

"Кәсіпорын қызметкерлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт облысты энергия ресурстарымен, сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге әсер етпейді", - деп толықтырды ТЖД.

Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети