Ақтауда мектеп алдындағы дүрбелең видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ақтауда мектеп алдындағы дүрбелең видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда мектеп алдындағы дүрбелең видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

№19 орта мектепте оқитын балалардың ата-аналарының айтуынша, екінші ауысымда оқитын оқушылар рұқсат бермейінше далада тұруға мәжбүр болады.

"Менің қызым үнемі мектепке кіру қиын екенін айтып жүреді, өйткені олар сабаққа 5 минут қалғанда кіреді. Мен барып, өзім көруді жөн көрдім. Шынында да. Барлығы кіріңдер демейінше сыртта тұрады. Содан кейін балалар сыныпқа жету үшін есіктен сығылысып кіреді. Мен вахтадан неге бұлай деп сұрадым, маған бұл директордың бұйрығы деп жауап берді", - деді аналардың бірі.

Қалалық білім бөлімі жағдайды бақылауға алғанын хабарлады. Ата-аналар күн сайын осылай болады десе де, мектеп әкімшілігі бүгінгі оқиға тек бір рет болғанын айтады.

"Сағат 13: 45-те мектепте жиналыс өткізілді, осыған байланысты кезекші мұғалім уақытында түсе алмады. Осы уақытта кіреберісте балалар жиналып қалған. Мектепте 3 блок және әрқайсына жеке кіретін есік бар. Бүгінгі жағдай тек бір блокта осылай болды. Күнделікті кезекшілік бақыланады. Осы жағдайға байланысты жауапкер адамдарға ескерту берілді", - деп хабарлады Білім бөлімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети