02 желтоқсан 2015 | 14:11

Ақтауда мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері бес жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысының Мемлекеттік кіріс департаментінің бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының Мемлекеттік кіріс департаментінің бұрынғы қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтау қалалық сотында Маңғыстау облысының Мемлекеттік кіріс департаментінің қауіпсіздік басқармасының ішкі тергеу бөлімінің бұрынғы басшысы Қайрәлиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Қайрәлиев Маңғыстау облысы бойынша "Ақтау ЦТО" кеден бекеті басшысының қызметіне жалпы ықпал жасағаны үшін 2000 АҚШ доллары көлемінде пара алуға оқталған", - деді соттағылар.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Қайрәлиев ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігінде, 366-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өзіне тиісті жеке мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

"Сонымен қатар, Ақтау қалалық соты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің бірінші  басшысының атына және Атырау облыстық адвокаттар алқасының атына анықталған заң бұзушылықтар туралы жеке қаулы шығарды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети