Ақтауда #нехочузаэтоплатить атты челлендж желіге тарап кетті. Қала тұрғындары бұл хештегпен әлеуметтік желіге ыстық судың орнына лас, қоңыр түсті, жағымсыз иісі бар сұйықтықты видеоға түсіріп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Ал жергілікті тұрғындарды алаңдататын басты мәселе мұндай су үшін қыруар ақша төлеуі керектігі. Ақтаудағы бұл жағдай жыл сайын қайталанады. Қала тұрғындары үшін ыстық су психологиялық, физикалық, материалдық тұрғыдан сынақ болған. Басылым себебін тұрғындар таза суды пайдалана алуы үшін оны біраз уақытқа дейін құбырдан ағызып қоятынын, ал бұл ысырапшылық тұрғандардың қалтасын көтермейтінмен түсіндірді.
"Бұл жағдайға кім кінәлі екенін де, нақты дәлелдей алмайсың. Тұрғындарды сумен қамтамасыз етеміз деп уәде берген ұйымдар біріне-бірі бастарын изеп, айтқандарын орындамайды. Алайда іс ақша өткізу, уақытынды су үшін төлеуге келіп тақалса, ұйымдағылар ақшаны уақытылы төлеп отыруды талап етеді", - деп жазды басылым.