ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2020 | 14:07
Ақтауда саунаға барған 40-қа жуық адам ұсталды
Ақтауда саунаға барған 40-қа жуық адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда саунаға барған 40-қа жуық адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір полициясының хабарлауынша, 8 тамызда түнгі сағат 23.00 шамасында криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері арнайы жедел ден қою жасағының қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтаудағы 22-шағын ауданындағы саунадан қырыққа жуық адамды ұстады.
Тексеру барысында полицейлер саунаның шектеулерге қарамастан жұмыс істегенін және 15 кабинаның бос еместігін анықтады. Карантин ережелерін бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев адамдарды карантин талаптарын бұзбауға, ережелерді қатаң сақтауға және жеке қорғаныс құралдарын қолдануға шақырады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также