26 мамыр 2023 16:30

Ақтауда "Сергек" іске қосылғаны рас па? Полиция пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде Ақтауда "Сергек" камералары жұмыс істей бастағаны туралы ақпарат пайда болды. Маңғыстау облысының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде 26 мамырдан бастап Ақтау жолдарында "Сергек" жүйесі іске қосылғаны туралы ақпарат тарады. Кейбір деректерде тәртіп бұзғандар көп ұзамай айыппұл арқалайтыны айтылған.

"Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Жүйе қосылған кезде облыс тұрғындарына ақпарат міндетті түрде хабарланады. Облыс тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын", - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Гүлшара Бастаубаева.

Бұған дейін Ақтау билігі "Сергек" жобасының іске қосылатыны туралы тұрғындарға алдын ала хабардар ететіні ескертілген. Жоба бойынша барлығы 1138 бақылау камерасы орнатылуы керек. Мұнайлы ауданында да бейнебақылау жүйесі орнатылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети