14 қыркүйек 2024 | 09:30

Ақтауда шенеунікке 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтауда прокуратура шығарған актіні уақытылы қарамаған шенеунікке айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда прокуратура шығарған актіні уақытылы қарамаған шенеунікке айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірлік әділет департаментінің орынбасары қадағалау органының актісін уақытылы қарамағаны үшін сот қаулысымен 8 АЕК көлемінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс прокурордың ұсынуымен қарау мерзімін реттейтін "Прокуратура туралы" Конституциялық заңының талаптарын өрескел бұзғаны үшін қозғалды.

"Атап айтқанда, лауазымды тұлға заңда белгіленген мерзімге қарамастан, қалалық прокуратураның ұсынуын бір айдан астам уақыт бойы тиісінше қарау жөнінде шараларын қабылдамаған.

Прокуратураның талабынан кейін ұсынудың қарау қорытындысымен 8 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, мемлекет кірісіне 11 млн теңгеден астам қаржы өндірілді. Мемлекеттік қызметкер өз кінәсін толық мойындап, салынған айыппұлды төледі", - делінген хабарламада.

Прокуратура актілерін қарамау, сол сияқты тиісінше қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келетіндігі ескертіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети