11 шілде 2020 | 10:09

Ақтауда Симба есімді арыстанның иесіне жаза тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: facebook.com/s.dildakhmet Сурет: facebook.com/s.dildakhmet

Симба есімді арыстан бұрынғы қожайынынан тәркіленді, ер адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды инАктау.


Иконка комментария блок соц сети

Симба есімді арыстан бұрынғы қожайынынан тәркіленді, ер адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды инАктау.

Іс Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы 1-бөлігі (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша қаралды.

Тергеу барысында арыстанды 1995 жылғы жігіт асырағаны белгілі болды. Алайда оған тиісті рұқсат құжаттары болмаған.

Соттың 10 шілдедегі қаулысына сәйкес, Арыстанның иесі кінәлі деп танылып, жануарды тәркілеумен қатар 10 АЕК - 27 780 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында арыстанның серуендеп жүргені түсірілген видео тараған еді. Оқиға 25 маусымда болған.

"Эко Маңғыстау" мемлекеттік емес ұйымының директоры Кирилл Осин арыстанды Шымкент пен Алматыда хайуанаттар бағы алуға дайын екенін хабарлады. Таңдау Алматыға түсті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети