Ақтауда скутерші минивэнге соқтығысты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда скутерші минивэнге соқтығысты Видеодан алынған кадр

Ақтауда скутерші минивэнге соқтығысты, - деп хабарлайды lada.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда скутерші минивэнге соқтығысты, - деп хабарлайды lada.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 6А мен 22 шағынаудандар арасындағы тасжолда болған. 

Toyota Alphard жүргізушісі солға бұрылған кезде негізгі жолда келе жатқан скутершіні көрмей соғып кеткен. 

Зардап шеккен скутерші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді.

Toyota Alphard жүргізушісіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзуы) бойынша хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети