Ақтаудағы супермаркеттердің бірінде сұйық майды төмен бағамен сатқан акция даумен аяқталды. Болған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Lada.kz.
Ақтаудағы супермаркеттердің бірінде сұйық майды төмен бағамен сатқан акция даумен аяқталды. Болған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Lada.kz.
Басылымның мәліметінше, қаладағы супермаркеттердің бірінің дирекциясы 14 маусымда сұйық майды төмен бағамен сатып, акция ұйымдастырған. Дүкен басшылығының айтуынша, акцияның басты мақсаты зейнеткерлер мен жағдайы орта деңгейден төмен тұрғындарға өнімді арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік беру. Бірақ бұл шараның соңы жанжал мен төбелеске ұласқан.
"Буклеттерде осы акция жайлы хабарлағанда біз тауардың саны шектеулі екенін айтып түсіндірген болатынбыз. Сонымен қатар, біз мұны алып-сату жағдайын алдын алу үшін істедік. Бірақ көпшілік акцияны дұрыс түсінбей, бірден бірнеше жәшік алып кетпекші болды. Адамдар төбелеске дейін барып, майды бір-бірінің қолынан тартып алып жатты. Біздің адамдар мұндай акцияларға үйренбеген сияқты, себебі олар өздерін қалай ұстау керектігін білмейді. Бұл біздің менталитеттен шығар", - деді дүкен басшылығы.
Дүкен әкімшілігіндегілердің айтуынша, акция тез аяқталды. Ақтаулықтар майдың барлығын 30 минутта сатып алып кеткен. Әдетте май 305 теңге тұрса, акция болған күні май 149 теңгеден сатылған.