© Lada.kz
Ақтауда тас жолдың бір бөлігі опырылып қалды, - деп хабарлайды Lada.kz. Шұңқырға автомобиль түсіп кеткен.
Ақтауда тас жолдың бір бөлігі опырылып қалды, - деп хабарлайды Lada.kz. Шұңқырға автомобиль түсіп кеткен.
Оқиға қаладағы 15-ші ықшамауданда болды. Қалалық әкімдік өкілдері шұңқырдың жақын арада бітелетінін айтты.
"Топырақ пен жол төсеніші құбыр желісінің жарылуынан опырылып кеткен. Қазір оқиға болған жерде "Қала жолдары" және коммуналдық компания қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жарылған жер қалпына келтірілген бойда қызметкерлер жолды жөндеумен айналысады. Жұмысты жақын арада аяқтауға тырысамыз", - деді Ақтау ТКҚ басшысы Берік Ізғалиев.