Ақтауда тұрғындарды сумен қамту үшін көлік жуу орындары жұмысына шектеу қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда тұрғындарды сумен қамту үшін көлік жуу орындары жұмысына шектеу қойылады Фото: depositphotos.com

Ақтауда тұрғындарды ауыз сумен қамту үшін автокөлік жуу орталықтарының жұмысына уақытша шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда тұрғындарды ауыз сумен қамту үшін автокөлік жуу орталықтарының жұмысына уақытша шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, Ақтауда орталық сумен жабдықтау торабтарындағы(ОСЖТ) ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында 9 шілдеден бастап автокөлік жуу орталықтарының жұмысы мен жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады.

"МАЭК" ЖШС 8 шілдедегі №21 телефонхатына сәйкес, Ақтау қаласының сыртқы ауа және теңіз температурасының жоғарылауына, сондай-ақ ауыз суды тұтыну көлемінің өсуіне байланысты орталық сумен жабдықтау торабтарындағы(ОСЖТ) ауыз су деңгейін тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы барлық көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қойылады. Қала әкімдігі "МАЭК" ЖШС 8 шілдедегі №21 телефонхатына сәйкес, "Каспий жылу, су арнасы" МКК-ға көлік жуу орталықтарының жұмысына және жасыл желектерді суаруға уақытша шектеу қою жөнінде хат жолдады", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты қала әкімдігі мен "МАЭК" ЖШС көлік жуу орталығының иелерінен түсіністік танытуды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети