Ақтауда "у шашқан ұшақтың" видеосы тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау қаласының тұрғыны ұшып бара жатқан ұшақтың қызғылт-сарғыш түсті ізін видеоға түсіріп алды. Автор осылайша "тікұшақтан у шашылады" және "соның салдарынан адамдар ауырады" деп мәлімдейді. Бұл мәлімдеме негізсіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stop Fake-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерлері бұл видеоға қатысты түсініктеме берді. Ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Самат Сүлейдің айтуынша, ешқандай химиялық заттар себілмеген, ал аспанда ізді жолаушылар ұшағы қалдырған.

"Ақтау әуежайы қаланың өзінен 20 шақырым жерде орналасқан. Камера дәл сол жаққа бағытталған. Бұл видео күн батарда түсірілген, сондықтан түсі қызыл болып көрінеді. Бірақ бұл азаматтық ұшақтан шыққан із. Соңғы уақытта бізде авиация қатысатын жаттығулар болған жоқ", - деп түсіндірді облыс әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі.

Ұшақтың конденсациялық ізі - ұзақ уақыт бойы жерден айқын көрінетін ақ түсті жолақтар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети