Ақтауда зообақтағы жануарлардың өлімі: тексеріс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда зообақтағы жануарлардың өлімі: тексеріс басталды Видеодан алынған кадр

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ыбраева Ақтаудағы хайуанаттар бағындағы өлі жануардың видеосына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ыбраева Ақтаудағы хайуанаттар бағындағы өлі жануардың видеосына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқиға орнына Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлары шықты. Тексеру қорытындысы бойынша жануарлардың өлім себебі туралы ақпарат қосымша хабарланады. Ақтауда болған бұл оқиға байланыс зообақтарды жабудың сәті келгенін дәлелдейді. Мен бұл туралы бұрын да айтқанмын, қазір де қайталаймын", - деді Самал Ыбраева.

Экология министрлігінің өкілі 2021 жылы "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң қабылданатынын еске салды.

"Онда жануарларға қатыгездік көрсеткендерге қатаң шаралар қарастырылған. Сондай-ақ, заң жобасында жануарларды ұстауға болатын зообақтардың қызметіне тыйым салу қарастырылған. Ал оған дейін жергілікті бақылаушы мемлекеттік органдарды хайуанаттар бағындағы осы хаосқа назар аударуға және қатаң шаралар қабылдауға шақырамын. Балаларға қандай тәрбие көрсетіліп жатыр? Мұндайға үнсіз қарауға болмайды", - деді Самал Ыбраева.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы хайуанаттар бағына барған адамдар өлі қояндарды видеоға түсірген болатын. Жануар қорғаушылар тасбақалар мен аламандар да торларда өліп қалғанын айтқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети