07 қараша 2016 | 14:25

Ақтауда зорланған қыздың өмірі үшін дәрігерлер соңына дейін күреседі - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© trassae95.com © trassae95.com

Ақтауда зорланған алты жасар Викторияны дәрігерлер аппараттан ажыратпайды. Қазақстандық дәрігерлер оның өмірі үшін соңына дейін күреседі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда зорланған алты жасар Викторияны дәрігерлер аппараттан ажыратпайды. Қазақстандық дәрігерлер оның өмірі үшін соңына дейін күреседі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қыздың жағдайы тұрақты ауыр болып қалып отыр, бірақ дәрігерлеріміз оның өмірі үшін соңына дейін күреспек ниетте. Мен болжам айта алмаймын, бірақ қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді Тамара Дүйсенова ҚР Мәжілісіндегі үкімет сағатында тілшілерге жауап бере отырып.

15 қыркүйекте алты жасар Викторияның дәрігері Алтыншаш Жақсыбаева қыздың жағдайы туралы айтып берген еді. Айтуынша, қыздың миы тоқтаған, жағдайы өте ауыр.

Ал ресейлік маман Сергей Царенко қыздың айығып кетуіне күмәнмен қарайтынын мәлімдеген еді. "Қазақстанда мидың өлімін тіркейтін заң жоқ, ал Ресейде бар. Мидың өлгені туралы сынақтан өткізсе, бұл дәлелденер еді", - деген еді Царенко.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети