Ақтаудағы 15 миллион теңгенің "Гүл алаңы" балаларға арналған төбешікке айналды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы 15 миллион теңгенің "Гүл алаңы" балаларға арналған төбешікке айналды lada.kz

Былтыр күзде дауға айналған Ақтаудағы "Гүл алаңы" инсталляциясы қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қызғалдақтарынан айырылып, балалар ойнайтын төбешік болып қалды. Осы жағдайға қатысты Clever media group ЖШС менеджері Олжас Нұрланов пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нұрланов компания өкілдері әлеуметтік желілерден балалар "Гүл алаңында" сырғанап жүрген видеоны көргенін айтты.

"Өкінішке қарай, бұған ештеңе істей алмаймыз. Уақыты келген кезде механик жүріп, алаңды түзетеді. Бір ескерту жасайды, орнына басқа балалар келеді", - деді ол.

Олжас Нұрлановтың айтуынша, электр тогы ажыратылған, сондықтан "электр тогы соғады деген қауіп жоқ".

Сонымен қатар, компания менеджері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицияға жүгінуге ниетті екенін айтты, өйткені нысан жол бойында орналасқан.

"Қаңтар оқиғаларынан кейін, өкінішке қарай, көп нәрсе бүлініп, кей жерлер өртелді. Қазір әкімдіктің "Гүл алаңына" байланысты шешімін күтіп отырмыз", - деп толықтырды Нұрланов.

Бұған дейін Ақтауда 15 миллион теңгеге пластик гүлдері отырғызылғаны хабарланды. 

Кейін Ақтау орталығындағы жасанды қызғалдақтардың біразы жарамсыз болып қалды. Мердігерлердің айтуынша, бұған бұзақылар кінәлі болған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети