26 қыркүйек күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы 16-шағын ауданда басталған инженерлік желілер мен жол құрылысының барысын қарады.
26 қыркүйек күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы 16-шағын ауданда басталған инженерлік желілер мен жол құрылысының барысын қарады.
Жоба аясында 6795 метр су құбыры, 4877 метр кәріз желісі, 2713,2 метр жылу желісі және 3,847 шақырым автокөлік жолдары салынады деп жопарланған.
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай көптен күткен құрылыстың маңыздылығы туралы мәселені көтеріп, жылдар бойы шағын аудан тұрғындарын толғандырып келген мәселе шешімін тауып жатқанын айтты.
"Жылдар бойы шағын аудан тұрғындарын толғандырып келген мәселе шешімін тауып жатыр. Мен, қала әкімі болып тұрған кезде үлгермедім, міне, қазіргі Ақтау әкімі Әбілқайыр Байпақов осы ауданның жол, су, жылу мен кәріз желілерін шешуге бағытталған жобаны бастағалы жатыр. Мердігер мекеме анықталды. Ендігі кезекте қала әкімдігі мен мердігер мекеме шағын аудан тұрғындарымен ақылдасып, құрылыстың сапасына аса мән беріп, жұмысты мерзімінде аяқтау керек", - деді Нұрдәулет Қилыбай.
Жоспарға сәйкес, алдымен кәріз, су және жылу құбырлары жүргізіледі. Құбыр салуды қажет етпейтін аумақтарда көлік және жаяу жүргінші жолдарының құрылысы қатар жүзеге асырылатыны да айтылды.
Айта кетейік, 16-шағын аудан бұрынғы шатқалдың орны болғандықтан, жер деңгейлері әртүрлі. Бұл инженерлік желілерді және жолдарды салу барысында кейбір қиындықтар туғызған.
Мердігер "Альянс ЛТД" ЖШС мамандары, инженер-геодезисттер және "КЖСА" МКК мамандары жобаны зерттеу кезінде жеке тұрғын үй салушылардың қажетті инженерлік желілерді құжаттандыруда қиындықтарға тап болғаны анықтады. Осыған байланысты, жобаны қайта қарап, түзетулер енгізу қажет болды. Қыркүйек айында жоба сараптамадан оң қорытындысын алды.