Ақтаудағы "жер сілкінісі мен жарылыс": әскерилер тұрғындарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы "жер сілкінісі мен жарылыс": әскерилер тұрғындарға жауап берді Фото: lada.kz

Қорғаныс министрлігі Ақтау тұрғындарының қаладағы "жарылыстар мен жер сілкінісі" туралы шағымына жауап беріп, "Оймаша" полигонында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Lada.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі Ақтау тұрғындарының қаладағы "жарылыстар мен жер сілкінісі" туралы шағымына жауап беріп, "Оймаша" полигонында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Lada.kz.

№ 25744 әскери бөлімінің баспасөз қызметі полигонда жоспарланған жұмыс туралы мәлім етті. Әскери қызметшілер Ақтау тұрғындары "Оймаша" полигонында жоспарланған тазалау жұмыстарына байланысты жер сілкінісін сезінген болуы мүмкін екенін айтады.

Кейін ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі "Оймаша" полигонында жаттығу алаңдарын оқ-дәрілер сынықтарынан тазарту бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын растады.

"Жару жұмыстарының ауқымы ол қалада естіліп, сейсмикалық жағдайға әсер ететіндей үлкен емес. Сонымен қатар, полигон Ақтаудан 30 шақырым жерде жатыр. Мысалы, тіпті полигоннан жеті шақырым қашықта орналасқан әскери бөлімде ешқандай жарылыс естілмеді", - деді Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, ақтаулықтар пәтерде жер сілкінісін сезінген. Тұрғындар қала маңында қандай да бір жарылыс болды деп болжады. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі басқару пультіне жарылыс туралы хабар түспегенін мәлім еткен. Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы да осы кезеңде жерасты дүмпулерін тіркеген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети