11 маусым 2018 | 14:25

Ақтаудағы мүгедек балалар интернатындағы жанжал: Жаңа деректер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтаудағы №3 психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арналған интернат үйінің директоры мен қызметкерлер арасында жанжалға мұның алдындағы керіс түрткі болған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетекшісінің орынбасары Қарашаш Нұрмамедова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада".


Иконка комментария блок соц сети

Ақтаудағы №3 психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арналған интернат үйінің директоры мен қызметкерлер арасында жанжалға мұның алдындағы керіс түрткі болған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетекшісінің орынбасары Қарашаш Нұрмамедова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада".

Арнайы қызмет көрсету орталығындағы жанжал биыл 7 маусымда болған. Мекеме қызметкерлері мен директор арасындағы жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен

Қарашаш Нұрмамедованың сөзінше, видео авторы мен аға медбике арасындағы телефон арқылы жанжал туып, мекеме директоры түн уақытында келуі керек болған. Видео түсірілген орын балаларға арналған ауыз су сақталатын бөлме. 

"Үстелдің үсті қызметкерлердің жеке заттары мен азық-түлікке толып кеткен. Директор бұл бөлмеде жеке хаттарды сақтауға болмайтынын бірнеше рет екскерткен", - дейді ол. 

Нұрмамедованың айтуынша, қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арнайы орын бөлінген. 

"8 маусымда бұйрық бойынша директор қызметінен шеттетілді. 2 шілдеге дейін тексеріс жүргізетін арнайы комиссия құрылды. Директордың міндетін орынбасары атқарып жатыр", - деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары.  

11 маусымда қызметкерлер бұйрық мазмұнымен және комиссия мүшелерімен танысқан. 

"Директорға қатысты шара комиссия жұмысының қорытындысына байланысты шығады", - дейді Қарашаш Нұрмамедова. 

Оның сөзінше, мекемеде еңбек жағдайы мен ақысына қатысты шағымға байланысты өзге комиссия жұмыс істеген. Бұл комиссия жұмысының қорытындысы да директорға қатысты шешім қабылданарда ескеріледі. 

Шеттетілген директор Шаттыгүл Қаракүшікова психоневрологиялық интернат үйін 2017 жылдың тамызынан басқарып келеді.

 

Мангыстау-Ақтау инвалид балалар уй басшысынын ыс арекеты..07.06.2018 тунгы 00.20..Быз карайтын инвалит ауратын балдар тунде арен уйыктатамыз оларды..Ал бул кысы келып балдардын мазасын кашырып жатыр..#булкандайбасшы#@akimat_mangystau @aktau_akimat @Karlygah_Rakisheva @amangali_nur Булай жасайтындай быздын жазыгымыз дурыстап енбек акымызды сураганымызба.. (от подписчика) ___________________________________________________ОТПРАВЛЯЙТЕ ВИДЕО В DIRECT! ......... #Шымкент #Актау #Атырау #Актобе #Қызылорда #Кокшетау #Семей #Маңғыстау #Жезқазған #жесть #Караганда #Орал #Талдыкорган #Алматы #Ақтау #Тараз #astana #almaty #шок #shymkent #Балхаш #ужас #videogram_kaz #новостиКазахстана #Павлодар #Астана #Өскемен #Маңғыстау #Қостанай #Жезқазған

Публикация от

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети