Ақтаудағы шағынаудан атауын Анталья деп өзгертуден неге бас тартылуы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы шағынаудан атауын Анталья деп өзгертуден неге бас тартылуы мүмкін? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы бір шағынауданды Анталья деп атау идеясынан не себепті бас тартылуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы бір шағынауданды Анталья деп атау идеясынан не себепті бас тартылуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Самал шағынауданын Анталья деп атау туралы қоғамдық тыңдаулардың кейінге қалдырылғаны хабарланған болатын.

Бүгін Астанада өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі бұл мәселе әлі талқыланып жатқанын айтты. Алайда, алдағы тыңдаулар барысында басқа да атау нұсқалары қарастырылатынын жеткізді.

"Сіздер білесіздер, Анталья – жақсы атау, халықаралық, брендті. Бірақ өзімізде де жақсы атауларымыз бар. Неге Айрақты немесе Шары деп атамасқа? Сондықтан бұл мәселе талқыланады", – деді Қилыбай ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске салайық, биылғы қарашада Ақтауда қаланың бір шағынауданы атауын өзгерту туралы қоғамдық тыңдаулар жарияланған болатын. Сол кезде бұл шара Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында жоспарланғаны айтылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети