Ақтауға Үкімет резервінен 3,7 миллиард теңге бөлінді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауға Үкімет резервінен 3,7 миллиард теңге бөлінді Фото:elements.envato.com

Үкімет "Жаңаөзен – Ақтау" газ құбырынан автоматтандырылған газ тарату станциясы орнатылатын магистральдық газ құбыры құрылысын аяқтау үшін өз резервінен 3 миллиард 695 миллион 925 мың теңге бөледі. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Ақтаудың солтүстік бөлігі қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы жүріп жатыр. Биыл қаланың кеңейіп келе жатқан бөлігін жылумен қамту мақсатында бірқатар блок-модульді қазандықтарды орнату және екі жаңа қазандық салу жоспарланған. Жаңа қуат көздері газбен жұмыс істейтін болады, осыған байланысты тиісті инфрақұрылымды кеңейту қажет.

Жалпы ұзындығы 52 шақырым болатын жаңа газ құбыры Ақтау қаласының жаңа шағынаудандары, Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе, Дәулет, Баянды ауылдары, сондай-ақ Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мен Сайын Шапағатов ауылдарының 150 мыңға жуық тұрғынын жылумен және тауарлық газбен қамтамасыз етеді.

Жоба құрылысы Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын дамыту аясында жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети