Ақтаулық әйел баласымен Киевтен шыға алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаулық әйел баласымен Киевтен шыға алмай отыр Фото: lada.kz

Ақтау тумасы баласымен құжаттары болмаған соң Киевтен шыға алмай отыр. Себебі украиналық тарап үш жыл бойы баланың туу туралы куәлігін беруден бас тартқан. Қазақстанның Украинадағы елшілігі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау тумасы баласымен құжаттары болмаған соң Киевтен шыға алмай отыр. Себебі украиналық тарап үш жыл бойы баланың туу туралы куәлігін беруден бас тартқан. Қазақстанның Украинадағы елшілігі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Киевте баласымен тұрып жатқан әйелдің анасы Татьяна Жежельдің айтуынша, қызы Ақтауға шыға алмайды. Себебі төрт жасар баласының туу туралы куәлігі жоқ, тек перзентханадан анықтама бар.

"Украина тарапы бала дүниеге келген сәттен бастап туу туралы куәлік беруден бас тартты, өйткені баланың әкесімен неке тіркелмеген. Біздің консулдық баланың туған жері бойынша АХАЖ-ға барсын деді, ал олар консулдыққа жіберіледі. Үш жыл болды. Пандемия кезінде қызымның қазақстандық шетелдік төлқұжатының қолдану мерзімі аяқталды, консулдық оны ұзартпайды. Қызыма баласын тастап, Қазақстанға барып, жаңа төлқұжат алып, қайтуды ұсынды. Қандай ана баласын тастап кетеді? Қазір әскери іс-қимылдар болып жатса да, оған көмектесуден бас тартылды", - деді әйел.

Татьянаның қызы Ольга Рагозинаның айтуынша, ол бірнеше рет консулдықтан көмек сұраған, алайда олар мәселені шеше алмайтынын айтқан.

Қазақстанның Украинадағы елшілігі былтыр 21 қарашада Ольга Киевтің орталық АХАЖ арқылы туу туралы куәлікті рәсімдеуге немесе Қазақстанда төлқұжатын жаңартуға мүмкіндік алғанын хабарлады. Бұл екі ұсынысты да елемегенін айтты. 

"Біз куәлікті өз бетімізше рәсімдей алмадық. Тіпті Әділет министрлігімен кеңестік, өйткені оның төлқұжатының мерзімі өткен, некеде де жоқ", - деді елшілік өкілдері.

Осыған қарамастан, елшілік Ақтау тумасының мәселесін шешуге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети