05 қаңтар 2021 17:56

Ақтаулық бесбалалы отбасында егіз бала дүниеге келді

Фото жеке мұрағаттан

Ақтауда бес баласы бар отбасында егіз дүниеге келді. Желіде көпбалалы отбасының видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда бес баласы бар отбасында егіз дүниеге келді. Желіде көпбалалы отбасының видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отбасының әкесі, балалары, туыстары мен достары көпбалалы әйелді перзентханадан күтіп алған. Кадрларда ана мен егіз баланы күтіп алғандар билеп, көңілді ән айтады.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аналар әлемі ?? (@analar.alemi)

Tengrinews.kz тілшісі ақтаулық көпбалалы әкемен байланысты. Ол 37 жастағы қазақстандық әзілкеш Әлібек Дүйсен болып шықты. Оның айтуынша, жары 29 қарашада егіз ұл босанған, ал 6 желтоқсанда перзентханадан шыққан. Бір қызығы, бұл отбасындағы алғашқы егіз емес.

"Үлкен қызым мен ұлым да егіз, бірақ олар бір-біріне ұқсамайды. Біздің отбасымызда қазір жеті бала бар, үлкен егізден кейін ұл мен қыз туды, қазір егіз дүниеге келді. Үлкен қызым Ақбөбек 13 жаста, содан кейін егіз - қызым Ақтоты мен ұлым Ақан, олар 12 жаста, ұлым Әзілхан сегізде, тағы бір қызым Әсия бес жаста, ал жаңа туған ұлдарымызға Жанарыс және Бейбарыс есімдерін қойдық", - дейді бақытты әке.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жанұя кта командасы (@zhanuya_official)

Әлібек әйелі екеуі 13 жыл отасқанын және екі ұлдың дүниеге келуі оның үлкен арманы болғанын айтты. Сондықтан ол осындай қуанышты оқиғаны кең ауқымда - шармен, гүлмен, отшашумен және лимузинмен атап өтуді шешкен.

"Біз шығармашыл отбасымыз, Тұрсынбек Қабатовтың қазақша КВН-іне (КТА) қатысамыз. Барлық мерекеде тосынсый жасағанды ​​жақсы көреміз. Сондықтан біз ән жаздық. Тректі өзім таңдадым, оның сөзін жаздым. Сосын балалармен бірге ән салдық. Босануға бір апта қалғанда дайындала бастадық", - дейді Әлібек Дүйсен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жанұя кта командасы (@zhanuya_official)

Жеті баланың тәрбиесіне келер болсақ, отағасы үлкен балалары ата-анасына көмектесетінін айтады.

"Ақбөбек пен Ақтоты - үлкен қыздарымыз - анасына көмектеседі. Балалармен ешқандай проблема жоқ. Түнде әйелім екеуміз, ал күндіз балалар қарайды, сол кезде анамыз ұйықтайды. Сондықтан біз бәріне осындай бақыт тілейміз. Балалар - керемет сыйлық", - деді отағасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жанұя кта командасы (@zhanuya_official)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram