Ақтаулық ер адам қыздың дауысын салып, адамдарды алдаған: видео

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Атыраулық полицейлер алаяқтың дауысын өзгертіп, телефон арқылы қалай алдайтынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық полицейлер алаяқтың дауысын өзгертіп, телефон арқылы қалай алдайтынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, 18 қарашада Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Hi-Tech" іс-шарасы кезінде пәтерді жалға беремін деп жалған хабарлама беру арқылы тұрғындардан алдын ала төлем ретінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 1996 жылғы күдікіні ұстады.

"Күдікті 27 жастағы ер адам болса да әртүрлі кейіпкерге дауысын өзгертіп жас қыз немесе әйел адам болып телефон арқылы оңай алдап отырған. Пәтер жалға алу хабарламасы бойынша 37 жастағы қала тұрғыны Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы хат алмасып, күдіктіге алдын ала 50 000 теңге ақша қаражатын аударған", - делінген хабарламада.

Тергеу кезінде күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы бары анықталды. ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети