26 қыркүйек 2017 | 13:31

Ақтаулық оқушылардың ата-аналары қазақ тілі пәнінен бас тартқысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтаудағы №10 орта мектептің екінші сыныбында оқитын балалардың ата-аналары қазақ тілінің оқу дәптері мен сөздігін сатып алуға мәжбүрледі деп шағымданды, - деп хабарлайды "Лада" басылымы. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтаудағы №10 орта мектептің екінші сыныбында оқитын балалардың ата-аналары қазақ тілінің оқу дәптері мен сөздігін сатып алуға мәжбүрледі деп шағымданды, - деп хабарлайды "Лада" басылымы. 

Ата-аналардың айтуынша, төрт дәптер мен сөздік 10 мың теңге тұрады. Бір сыныптың оқу құралдары шамамен 300 мың теңге тұрады екен.  

"Қазіргі қазақ тілі бойынша оқулықтар - аудармасы жоқ мәтіндердің жиынтығы. Ешқандай ереже жоқ. Мұғалімдер аудармасын бермейді, түсіндірмейді. Сөйтіп, балаларымыз кітапқа қарап, дым да түсінбей отырады. Қазір мектептерде берілетін оқулықтар бойынша пәнді қосымша әдебиет пен сөздіксіз меңгеру мүмкін емес. Ал бізге өз қалтамыздан жаттығулары бар оқу дәптерлері мен сөздіктер сатып алыңдар деді. Екі дүкенде ғана бар екен, бағасы да қымбат, сондықтан мемлекеттік тілді оқудан тіпті де бас тартуға тура келіп отыр, себебі мектеп бағдарламасы балаларға білім бермейді, жүйкесін жұқартады да қояды. Қосымша оқулықтарды әрбір отбасы сатып ала алмайды", - дейді ата-аналар. 

Ал мектеп директоры Бекес Іспекеев ата-аналарға өз қалтасынан ешкім де жұмыс дәптерлерін сатып алуға міндеттемегенін айтады. Ата-аналарға балалары пәнді оңай игеруі үшін ерікті түрде осы дәптерлерді сатып алу ұсынылған.

"Мектеп пәндер бойынша оқулықтармен 100 пайызға қамтылған. Қазақ тілі бойынша жұмыс дәптерлеріне қатысты ата-аналар мен мұғалімнің арасында түсінбеушілік болған. Ата-аналар балалары пәнді түсінбейді деп шағымданды. Оған мұғалім мектепке жұмыс дәптерлерін алып келіп, қаласа өз балаларына қосымша оқу құралдарын сатып алуды ұсынған, ал ата-аналар оған шағымданған. Бұл мәселені мектеп ішінде-ақ, БАҚ көмегіне жүгінбей шеше алар едік. Мектебімізде ата-аналарға ешқашан оқулық сатып алу міндеттелмеген. Қазір ата-аналар жиналысын өткіземіз, жұмыс дәптерлері бойынша мәселеші шешеміз", - деді мектеп директоры.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети