Ақтауда коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келгендердің ұзан-сонар кезегі видеоға түсірілді. Бұл жағдайға қатысты Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Жағдай бүгін, 8 тамызда таңертең 7-ықшамаудандағы №1 Ақтау қалалық емханасында болған.
"Неге вакцинация дұрыс ұйымдастырылмаған? Қой сияқты, айтарға сөз жоқ", - дейді коронавирусқа қарсы екпе алғысы келетін жергілікті тұрғындардың бірі.
Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, демалыс күндері Ақтауда екпе алғысы келетін тұрғындар саны күрт артқан. Әсіресе, бүгін №1 қалалық емханада кезекте тұрғандар қарасы көп болды.
Қазіргі уақытта емханада үш егу кабинеті жұмыс істейді. Тағы бір кабинетті ашуға дайындап жатыр. Жағдай бақылауда, деп мәлімдеді ведомство өкілі.
Кезекті болдырмау үшін дәрігерлер тұрғындарға кез келген басқа емханаға баруды ұсынады. Қызметкерлер мен медициналық мекемелер демалыссыз жұмыс істейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!