21 ақпан 2014 | 14:33

Актер Алексей Панин Көкшетауда ішіп алып, төбелес шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Алексей Панин. ©РИА Новости Актер Алексей Панин. ©РИА Новости

Көкшетауда ресейлік актер Алексей Панин ішіп алып төбелес шығарды, спектакльді үзіп жіберді, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан". "Кеше кешкісін облыстық филармонияда "Бес в ребро" қойылымы басталар кезде ол ішіп алып келіп, сахна сыртында шатақ шығарды. Менің және филармонияның қызметкерлерінің намысына тиді",- дейді "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне қойылымды ұйымдастырушы, актриса Марина Друцкая. Оның айтуынша, Панин сахнаға шығудан бас тартқан, басқа ресейлік актерлер бастапқыда Панинсіз өнер көрсетті, тіпті кейін қойылымды болдырмау туралы жария еткісі келді. Осы кезде Панин көрермендерге қарай шығып, қойылым жалғасын табады деді, бірақ оның қандай хәлде тұрғанын көрген көрермендер залдан шыға бастады. Друцкаяның сөзінше, әріптестері ол үшін қатты ұялды және ол үшін кешірім сұрап, бірақ дәл қазір ештемені түзете алмайтындықтарын жеткізген. Онымен қоса гастролді ұйымдастырушылар полиция шақырған. "ИФ-Казахстан" агенттігіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық орынға ішімдік ішіп келгені үшін актерге әкімшілік хаттама толтырылған. "Іс әкімшілік сотқа жіберілді",- деген полицияның баспасөз қызметі. Дәл қазіргі кезде Панин мен оның ресейлік әріптестері Көкшетаудан кетіп қалған. Ұйымдастырушылар үзілген спектакльдің ақшасын көрермендерге қайтарып берген. Танымал ресейлік актер Алексей Панин өзінің гастролік сапарларында бірінші рет жанжал туғызып отырған жоқ.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети