Актер Асқар Ілиясов вакцинация паспортын сатып алу туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Асқар Ілиясов вакцинация паспортын сатып алу туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады Фото:instagram.com/askar.ilyassov

Қазақстандық актер Асқар Ілиясов вакцинация паспортын сатып алу мүмкіндігі туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық актер Асқар Ілиясов вакцинация паспортын сатып алу мүмкіндігі туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше күн бұрын Youtube-та Асқар Ілиясовтың блогер Тимур Балымбетовке берген сұхбаты шықты. Онда ол вакцинацияға деген көзқарасын айтып, пікір білдіреді.

"Егер елден шығу мүмкін болмаса, вакцина алатын шығармын. Мүмкін пара беріп, паспортты сатып алауым да мүмкін. Кім біледі? Бәрі мүмкін", - деді ол.

Сондай-ақ, Ілиясов пандемия кезінде карантинді сақтамағанын, жағдай шиеленісіп турған кезде жабық барларға барғанын мойындады.

Кейін актер Instagram-парақшасында айтқан сөздері үшін кешірім сұрады.

"Онда айтқандарым жеке ойым ғана және оны көпшілікке айтқаным дұрыс болмады. Бұл туралы жеткілікті білмеймін, сондықтан білмейтін нәрсе туралы айтқаным жауапсыздық. Вакцинация паспортын сатып алу туралы айтқаным...ақымақтық болды. Мен паспортты сатып алмаймын. (...) Қоғамның игілігі мен денсаулығы үшін вакцинацияны насихаттайтын адамдардан кешірім сұраймын", - деп жазды актер.

Бірнеше минуттан кейін ол жариялаған мәтінін өзгертті.

"Менің көзқарасым құзыреттіліктен емес, сезімімнен қалыптасады. Вакцинация - бұл әркімнің өз таңдауы. Мен бұл туралы пікірімді өзгертпедім, бірақ оны басқаларға насихаттамаймын", - деп қосты ол.

Дәрігерлер мен ғалымдардың айтуынша, вакцинация пандемиямен күресудің жалғыз және тиімді әдісі. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру елде енгізілген карантин шектеулерді алып тастауға, сондай-ақ халықтың аурушаңдығын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети