Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады

viewings icon 392 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото instagram.com/shakentii Фото instagram.com/shakentii

Актер Шәріп Серік Instagram-парақшасында кешірім сұрап, қысқа видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Актер Шәріп Серік Instagram-парақшасында кешірім сұрап, қысқа видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актердің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр.

"Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Өкінішке қарай, менің Әлияны лифтіден дөрекі түрде жұлқып шығарған видеомды көрген боларсыздар. Бұл видео арқылы мен өзімді ақтағым келмейді. Мен ауыр әрекет жасадым. Заң алдында толық жауап беруге дайынмын", – деді ол.

Сондай-ақ, актер жасаған әрекеті үшін кешірім сұрайтынын айтты.

"Меніңше, көпшілігіңізге ұрыс кезінде ашу мен ызаға булығу сезімі таныс шығар. Сіздерден менің қатемді қайталамауды және қол көтермеуді сұраймын. Мен Әлияны шапалақпен ұрдым, сол үшін одан, оның отбасынан және менің әрекетім ауыр тиген барлық адамнан кешірім сұраймын", – деп қосты ол.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде қызды ұрып-соқты деп айыпталған танымал актерге қатысты даулы ақпарат пайда болды. Әлия Бутеева есімді қазақстандық қыз сурет-видео жариялады. Онда актер Шәріп Серік қыздың артынан жалаң аяқ жүгіріп шығып, қолынан ұстап, лифттен жұлқып шығарып алғаны көріненді.

Актер Шәріп Серік қызды ұрды деген ақпараттан кейін Sәlem Entertainment компаниясы онымен барлық байланысты тоқтататынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
12°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю