БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі атқарушы кеңсесінің делегациясы елордаға арнайы сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
БАӘ-нің Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі атқарушы кеңсесінің делегациясы елордаға арнайы сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
"Сапар барысында БАӘ Атқарушы кеңсесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржылық қылмыстармен күресте ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды", - делінген хабарламада.
Құжат негізгі төрт бағыт бойынша ынтымақтастықты көздейді:
- тараптар виртуалды активтер саласында өзекті тәуекелдер және оларды реттеу мен қылмыстық схемаларды анықтау жөніндегі озық тәжірибелер туралы ақпаратпен алмасатын болады;
- мемлекеттік- жекеменшік әріптестік бойынша тараптар мемлекеттік және жеке сектор арасында ақпарат алмасу тетіктерін әзірлеуде ынтымақтасатын болады. Мұндай тетіктер қаржылық қылмыстарды тиімдірек анықтап, оның жолын кесуге мүмкіндік береді;
- отандық сарапшылардың кәсібилігін шыңдауға бағытталған бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр;
- қылмыстық активтерді қайтару мәселесі бойынша ынтымақтастықты нығайту.
"Өзара түсіністік туралы Меморандум трансұлттық қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылда екіжақты ынтымақтастықты дамытуға БАӘ Атқарушы кеңсесі мен ҚМА арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!