Активтерді қайтару туралы заң жобасы қабылданбас бұрын қазақстандықтарға көрсетіледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Активтерді қайтару туралы заң жобасы қабылданбас бұрын қазақстандықтарға көрсетіледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әділет министрлігі елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасын қабылдамай тұрып қазақстандықтарға көрсетуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет министрлігі елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасын қабылдамай тұрып қазақстандықтарға көрсетуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заңсыз әкетілген активтерді қайтару туралы заң жобасын әзірлеу неге кешіктіріліп жатыр? Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сауал жолдап, жұмысты қазіргі үкімет кешеуілдетіп отыр деп санайды", - деп сұрады журналистер Сенат кулуарында әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова.

Жакселекованың айтуынша, заң жобасын Әділет министрлігі әзірлеп жатыр, қазір оны мүдделі мемлекеттік органдармен қатар құқық қорғау органдары да жан-жақты талқылап жатыр.

"Жақын арада заң жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланады. Жұртшылық көріп, пікір білдіре алады. Құзырет шегінде қазір ақпарат осындай. Жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр, өйткені мәселе жеткілікті кешенді, белгілі бір уақытты қажет етеді", - деп түсіндірді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети