04 желтоқсан 2021 10:44

Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров тағы бір лауазымға тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров тағы бір лауазымға тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров тағы бір лауазымға тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, 3 желтоқсанда қауымдастықтың бас директоры Абат Имамбаев өңірдің спорт жұртшылығына Ақтөбе облысы бойынша Жауынгерлік өнер қауымдастығының жаңа басшысы Асхат Шахаровты таныстырған.

ҚЖӨҚ басшылығы бұл өңірдегі жауынгерлік өнердің, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына жаңа серпін беретініне және тұрындар үшін спорт қолжетімді бола түсетініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Асхат Шахаров Ақтөбені 2020 жылдан бері басқарады. 

Сонымен қатар, Асхат Шахаров танымал спортшы. Ол дзюдо және самбодан еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы, Әлем кубогының екі дүркін иегері, Азияның үш дүркін чемпионы, Сиднейдегі Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети